Телекомпания туралы
Биыл Қазақстан тәуелсіздігімен қатар, «Таң» телеарнасына 20 жыл толды. Әрине, елімізде болған жағдайдың барлығы біздің арна арқылы көрсетілген. Компаниямыздың тарихы бай, кез-келген компаниялардағыдай шырқау мен тоқырау кезеңдері болды, яғни, біз қалыптасудың ащысын да, тұщысын да көрдік. Оған қоса, түбегейлі өзгеріс кезеңдері де болды, мысалы үшін, 2001 жылы баршаға аян факт орын алды, антенна-фидерлік құралына оқ атылу және компанияның бұрынғы басшыларын тұтқындау салдарынан жарты жылға арнамыз өз хабар таратуын тоқтатты. Осылайша, инвестиция жағынан алғанда, өте қауіпті болғанына қарамастан, тәуекелге бел буып, бізге телекомпанияны қайта құруға тура келді. Бірақ, біз ағам Арманжанмен бірге компанияны аяғына тұрғызамыз дегенге нық сеніммен қарадық. Бірінші кезектегі мақсаттар қатарында жұмыс орындары мен арнамыздың барлық бағдарламаларын сақтап қалу болды. Ал, қазіргі таңдағы өз келбетімен бәрімізге танымал «Таң» телеарнасы – бұл тек компания басшылығының ғана емес, бүкіл ұжым жұмысының жемісі. Біз 2007 жылдың аяғында, өзімізбен бірге 31 арнада жұмыс істеген, яғни, телевизия жайлы түсінігі бар креативті, жаңаша ойлайтын адамдар тобын шақырдық. Олармен бірге «ТАҢ» телеарнасының жаңа концепциясын жазып, оны қызықты әрі тартымды Алматылық телеарнасына айналдырамыз деп шешім қабылдадық. 2008 жылдың күзінде «Таң» өз көрермендерінің назарына жаңартылып шықты – жаңа логотип пен жаңа ребрендинг және жаңа бағдарламалар. Жаңартылған жаңалықтар редакциясы, арна локомотиві болды. Осылайша, қалалық ауқымда пайдалы әрі мәні бар жаңалықтарға толы «Центр» ақпараттық бағдарламасы пайда болды. «Центр» бағдарламасының басты мақсаты – бұл әділдік, жеделділік және адамдар жауапкершілігін насихаттау. Менің ойымша, бұл жұмыс қажетті дәрежеде атқарылып жатыр, өйткені біздің ұжым кәсіпқой. Әрине, қиын мәселелер де бар, бірақ, олармен күнделікті жұмыс жасай отырып, шешімін тауып жүрміз, ол кез-келген жұмыста болады емес пе? Осы екі жылда біз танымал болдық, рейтингтеріміз өсуде және біз туралы қоғамда сөз қозғалады, адамдардың редакциямен кері байланысы пайда болды. Олар көмек пен қол ұшын беруді сұрайды, менің ойымша, бұл сапалы жұмыстың дәлелі. Біз тек алматылықтарға ғана емес, босаңсымасын деген мағынада шаһар билігіне де пайдамызды тигіземіз. Себебі, тұрғындардың басым көпшілігі белсенді емес, сондықтан да, мәселе орнынан қозғалуы үшін, белгілі бір толқын көтеруге тура келеді. Соған байланысты біз биыл жүйелі түрде әлеуметтік маңызы бар шаралар ұйымдастыруды бастадық. Өйткені, өкінішке орай, қолдау мен көмекке зар адамдар баршылық. Сондықтан, біз осы адамдар алдында жауапкершілігімізді сезінеміз. Кәсібіміздің аясында қандай да бір көмек көрсетуге біздің мүмкіндігіміз бар. Нақты азаматтық ұстанымымыздың бары және бірге қайғыра алатынымызға қоса, біз көңіл көтеріп, күле де аламыз. Дәлел ретінде, арнамыздың әр-түрлі ойын-сауық бағдарламаларын айтуға болады. Сонымен қатар, өзімізді сынауға оңтайлы қараймыз, себебі, біз мінсіз емес екенімізді, кемшіліктеріміздің барын білеміз. Телеарна дегеніміз, ең бастысы – ол онда жұмыс істейтін адамдар, бұл әрқайсысымыздың қасиеттеріміз бен сипаттамаларымыздың жиынтығы. Өз жұмысыңа деген құштарлық пен ынтамыз, және «бірлесе өмірді жақсы етіп өзгертеміз» дегенге біздің сеніміміз мол!
«Таң» ТРК президенті Ержан Байтасов